Шекараны заңсыз кесіп өтуге әрекет жасаған бес шетел азаматы ұсталды.
Қазақстан арқылы Ресейге заңсыз өтпек болған шетелдіктер ұсталды
3,834
оқылды

Қазақстандық шекарашылар Ресей Федерациясы аумағына қарай мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге әрекет жасаған бес шетел азаматын ұстады. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«ҰҚК ШҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің шекарашылары 4 тамызда белгіленген өткізу пунктерінен тыс жерден Ресей Федерациясы аумағына қарай мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге әрекет жасаған бес шетел азаматын ұстады. Олар Қазақстан Республикасына әуе жолымен турист ретінде келген. Алдын ала мәлімет бойынша, жақсы өмір сүру жағдайын іздеп Еуроодақ елдеріне жол тартқан. Ұсталғандар Батыс Қазақстан облысы Тасқала аудандық сотының қаулысымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ел аумағынан шығарылды», – делінген ресми хабарламада.