Құжатқа сәйкес, оқу жылы 2023 жылдың 1 қыркүйегінен 2024 жылдың 25 мамыры аралығында болады.
Жаңа оқу жылында оқушылар қалай демалады?
22,786
оқылды

Оқу-ағарту министрлігі "Орта білім беру ұйымдарында оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындау туралы" бұйрықтың жобасын жария талқылау үшін ұсынды, –деп хабарлайды Massaget.kz.

Құжатқа сәйкес, оқу жылы 2023 жылдың 1 қыркүйегінен 2024 жылдың 25 мамыры аралығында болады. 1–11 (12) сынып аралығындағы тоқсандар мен демалыс күндері келесідей болмақ: 

I тоқсанда – сегіз оқу аптасы болады, күзгі каникулы – 7 күн (2023 жылдың 30 қазанынан 5 қарашасына дейін);

II тоқсанда – сегіз оқу аптасы болады, қысқы каникул – 10 күн (2023 жылдың 29 желтоқсанынан 2024 жылдың 7 қаңтарына дейін);

III тоқсанда – 10 оқу аптасы болады, көктемдегі каникул – 11 күн (2024 жылдың 21-31 наурызы аралығы); бірінші сыныптар үшін қосымша каникулдар 7 күн болмақ (2024 жылдың 5-11 ақпан аралығы);

IV тоқсанда – сегіз оқу аптасы болады. 

Осылайша бірінші сыныптар үшін оқу жылы 33 оқу аптасына, қалғандары үшін 34 оқу аптасына созылмақ. 

Құжаттар 11 қыркүйекке дейін көпшіліктің талқылауында болады.

Фото: Halyq Uni