Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.
Доллар тағы қымбаттады
3,931
оқылды

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысына сәйкес, доллар 2,94 теңгеге қымбаттап, 1 АҚШ долларының орташа құны 459, 52 теңгені болды.

Ұлттық банктің 4 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 456,39 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 4,74 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 459,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 461 теңге.

Ал Астана қаласында сату – 459 теңге, сатып алу – 462 теңге.

Ресей рублі 4,70 – 4,80 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/