Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық боксшы Асланбек Шымбергенов жартылай финалға шықты.
Азиада: Асланбек Шымбергенов өзбекстандық қарсыласын нокаутпен жеңді
4,256
оқылды

Қазақстандық боксшы ширек финалда 71 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Асадхуджа Муйдинхуджаевпен жұдырықтасты.

Екі спортшы да әлем чемпионы, сондықтан жекпе-жек тартысты болды.

Алғашқы екі кезеңде төрешілер шешімімен өзбекстандық боксшы алда тұрды. Бірақ соңғы раундта Асланбек қарсыласын үш рет нокдаунға жіберіп, рефери кездесуді тоқтатты.

Осылайша, Асланбек Шымбергенов кемінде қола жүлдеге қол созады. Бірақ ол енді алтын үшін барын салатыны анық.

Кешкі сессияда Валентина Хальзова 75 келіге дейінгі салмақта қытайлық Цянь Лиден жеңіліп қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қамшыбек Қоңқабаевтың Азия ойындарының 1/2 финалына өткенін жазған болатынбыз.