29 қыркүйек күні жедел басқару орталығының "102" пультіне орталық базар маңындағы шайханадан жаңа туған бала табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Ақтөбелік полицейлер сәбиін шайханада қалдырып кеткен әйелді тапты
12,930
оқылды

Ювеналды полиция қызметкерлері баланы сәбилер үйіне жеткізді.

Полицейлер 31 жастағы жалдамалы пәтерде тұратын келіншекті іздеп тауып, бөлімшеге жеткізді. Әйелдің айтуынша, таныстарын кездестіріп, артынша  олармен алкогольді ішімдік ішкен.

Азаматшаға ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, профилактикалық есепке қойылды.