Ұсталған күдікті бұған дейін де сотты болған.
Алматы облысында интернет арқылы терроризмді насихаттаған радикал ұсталды
667
оқылды

ҚР ҰҚК прокуратураның үйлестіруімен және полиция органдарымен әрекеттесе отырып, 5 қазан күні терроризмді интернет желісі арқылы насихаттағаны үшін Алматы облысының тұрғынын ұстады. Бұл туралы Aikyn.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оның тұрғылықты мекенжайына тінту жүргізу кезінде діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Ұсталған күдікті бұған дейін жалпы қылмыстық әрекеттері үшін сотты болған.