Ал Мейірім Нұрсұлтанов 7-орыннан 6-ға көтерілді.
Головкиннің орнын басқан Әлімханұлы әлемдегі үздік ондықтың басында тұр
2,816
оқылды

Американың әйгілі The Ring журналы бокстан орта салмақтағы рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады, – деп хабарлады Aikyn.kz.

Нalyq-uni сайтының prosports.kz-ке сілтеме жасап жазуынша, онда біршама өзгеріс бар екен. Мысалы, рейтингтің бұрынғы көшбасшысы Геннадий Головкин тізімнен шығарылып, оның орнын бұған дейін 2-орында тұрған Жәнібек Әлімханұлы басты. Ал Мейірім Нұрсұлтанов 7-орыннан 6-ға көтерілді.

Сонымен, The Ring нұсқасы бойынша орта салмақтағы ең үздік 10 спортшының орналасу реті мынадай:

1. Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан);

2. Карлос Адамес (Доминикан);

3. Эрисланди Лара (Куба);

4. Сергей Деревянченко (Украина);

5. Крис Юбэнк-кіші (Ұлыбритания);

6. Мейірім Нұрсұлтанов (Қазақстан);

7. Элайджа Гарсия (АҚШ);

8. Феликс Кэш (Ұлыбритания);

9. Лиам Смит (Ұлыбритания);

10. Хамза Шираз (Ұлыбритания).