Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сүйенсек, оппозициялық топтар халықты мереке күні митинг өткізуге шақырған.
25 қазан күні интернет өшіріледі деген рас па? – Министрлік жауабы
804
оқылды

Әлеуметтік желіде Қазақстанда 24 қазан және 25 қазан күндері интернет өшіріледі деген ақпарат тарады. Ішкі істер министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Ақпарат шындыққа жанаспайды. Ішкі істер органдары жалған хабарлама таратушыны іздестіру шараларын жүргізеді. Ішкі істер министрлігі азаматтарды арандатушылыққа бой алдырмауға шақырады және Қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес, жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін ескертеді", – делінген хабарламада.

 

Айта кетейік, 25 қазанда Қазақстанда Республика күні атап өтіледі. Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сүйенсек, оппозициялық топтар халықты мереке күні митинг өткізуге шақырған.