Марқұммен қоштасу рәсімі Шамалған ауылындағы өзінің үйінде өтті.
Алматы облысында Болат Назарбаевты ақтық сапарға шығарып салды
1,861
оқылды

Алматы облысы Қарасай ауданында Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Әбішұлы Назарбаевты ақтық сапарға шығарып салды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Марқұммен қоштасу рәсімі Шамалған ауылындағы өзінің үйінде өтті.

БН
Фото: Әсет Құндақбаев

Еске салайық, ауыр дертпен күрескен Болат Назарбаев 13 қараша күні 71 жасқа қараған шағында дүние салды. 

Болат Назарбаев 1953 жылы 23 наурызда туған. 1973-1988 жылдары «Шамалған» кеңшарында механик, аға механик, бригадир, директордың орынбасары болған.

1988-1989 жылдары – Қаскелең қаласы нан зауыты директорының орынбасары. 1989 жылдан 1992 жылға дейін кәсіпкерлікпен айналысқан. «Инкар Агро» ЖШС-нің вице-президенті, BN Invest холдингінің директоры қызметін атқарды. «Салиқалы ұрпақ» қайырымдылық ұйымын құрды.

Фото: Әсет Құндақбаев