Қазір Мақат аудандық білім бөліміне қарасты 9 мектеп бар.
Атырауда оқушылар ұлттық құндылықтарды насихаттаудың тың әдісін ойлап тапты
675
оқылды

Мақат ауданының оқушылары әр аптаның жұма күні мектепке ұлттық киім киюді дәстүрге айналдырған, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Балалар ұлттық киім киіп ғана қоймай, бұл күні ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге  арналған  түрлі  шаралар  ұйымдастырып жүр.  Дәстүр, мәдениет, әдет-ғұрыптарға қатысты түрлі сауалнамалар жүргізіп, салт-дәстүрімізді  насихаттауға бағытталған көріністер қоюды да әдетке айналдырған. 

«Жаңа оқу жылының алғашқы тоқсанында бірен-саран оқушы ғана ұлттық киім кисе, екінші тоқсанда бұл бастаманы барлық оқушылар қолдады.

Ұлттық киіміміз өте әдемі. Өзім алдағы уақытта тек бір күн емес, үнемі киіп жүргім келеді» - дейді Б. Қанатбаев атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы Әмина Темірболатқызы.

Айта кету керек, қазір Мақат аудандық білім бөліміне қарасты 9 мектеп бар. Онда 6088 оқушы білім алады.

 

Баян Жанұзақова