Ол ұлын көрмегеніне 1,5 жыл болғанын да атап өтті.
Бір күннен соң қайтуы керек еді: хостелдегі өрттен көз жұмған жігіттің анасы жазба жариялады
1,206
оқылды

Алматыда хостелдегі өрттен көз жұмған ақтаулық Никита Королевтың анасы әлеуметтік желідегі парақшасында 2 желтоқсан күні ұлын жер қойнына тапсырғанын жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Оның сөзіне қарағанда, ұлы Ақтауға үйіне ұшуға бір күн қалғанда қайғылы оқиғаға тап болған.

“Ол менің жалғыз ұлым. 24 желтоқсанда 20 жасқа толар еді. Мен оны көрмегеніме 1,5 жыл болып еді. Ал бүгін оны соңғы рет құшақтадым. Бұл өмірде немере-шөберелі болатыныма сенімді едім. Балаларыңыздың өмірге құрған жоспарлары ата-анасына өмір сүруге басты себеп. Менің қазір ондай жоспарым жоқ. Бұл қайғыдан қалай шығуға болатынын білсеңіздер айтыңыздар. Менде үміт етер ештеңе қалған жоқ", – деп жазды Евгения Вегер.

Еске салсақ, Алматыда хостелдегі өрттің салдарынан 13 адам мерт болған еді. Олардың ішінде қаза тапты деп саналған Түркістан облысының тумасы тірі болып шықты.