Шымкент полициясы кінәлі адамды анықтау үстінде.
Шымкентте жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды
1,064
оқылды

Сәбидің денесі «Нұрсат» шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің маңынан табылған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің  100-бабымен қылмыстық іс тіркелді.

«Қаратау ауданы Полиция басқармасының 102 арнасына жаңа туған баланың мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері кінәлі тұлғаны анықтауға бағытталған барлық қажетті шараларды жүргізуде», – делінген Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.