Әлеуметтік желіде бельгиялық отбасы асырап алған 21 жастағы қазақ баласы Эдди Жан тағы жазба жариялады.
"Қуанышты жаңалық бар": анасын іздеп жүрген қазақ баласы тағы жазба жариялады
62,691
оқылды

Әлеуметтік желіде бельгиялық отбасы асырап алған 21 жастағы қазақ баласы Эдди Жан тағы жазба жариялады, – деп хабарлады Aikyn.kz

"Құрметті қазақ елі қуанышты жаңалық бар! Бүгін болжамды екі ананың ДНҚ сараптамасының нәтижесі белгілі болмақ! Аз уақыт қалды, мен де дәл қазір толқып отырмын. Анашымды тауып, құшағыма аламын деген үміттемін! Бүгін мені @qulatay_konny_dvor үйіне қонаққа шақырып, қазақтың кең даласын тұлпармен аралап, дәмді ас ішуге шақырды. Қонақжай қазағыма мың алғыс! Ал сіз атқа мінгенді ұнатасыз ба? Атпен шабу үшін қай жерді таңдайсыз? Ал мен сіздерге өзімнің Құлатайымды ұсынамын!", – деп жазды ол.

 

Айта кетейік, бұған дейін журналист Қымбат Досжан баланың анасы болуы мүмкін деген күдік бар үш әйелдің бірі ДНҚ сынамасын тапсырғанын да  айтқан еді.