Маманның пайымынша, жыл мезгілі бағаға іс жүзінде әсер етпейді.
2024 жылы пәтер бағасы қалай болады?
1,319
оқылды

Қазақстан риэлторлар қауымдастығы президентінің кеңесшісі Нина Лукьяненко өткен жылы ковидке дейінгі кезеңмен салыстырғанда транзакциялар саны артқаны байқалғанын жеткізді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Егер ковидке дейінгі транзакциялардың ай сайынғы саны шамамен 21-22 мың болса, ковидтен кейін сұраныс жиілеген. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақшасы, бұл жағдайда бүкіл нарықты қуаттандырды. Нәтижесінде, өткен жылдың ішінде ай сайынғы өсу 7% және 5% шамасында байқалды. Әртүрлі жылжымайтын мүлікке баға көтерілді.

"Бірақ осы жыл бойы, егер салыстырмалы түрде қарасақ, бастапқы және қолданыстағы үй үшін құнның төмендеуін көрсетті. Сондықтан қазір біз көріп отырғанымыздай, бағада ауытқу бар: минус 0,7%, минус 1,5% және плюс 1%. Бірақ өсу қарқыны 2022 жылмен салыстырғанда төмендегені сөзсіз", - деді спикер.

Оның сөзінше, өкінішке қарай, келесі жыл баспана бағасы белгісіз болып отыр. Ал бұған көптеген себеп бар.

"Біз көріп отырған бірінші себеп – мемлекеттік органдар ақыры бастапқы жылжымайтын мүлік нарығына, жаңа ғимараттарға назар аудара бастады. Соңғы бір жылда Алматыда 20-ға жуық жаңа құрылысты бұзуға немесе жартылай бұзуға тапсырыс берілген. Бұл да нарыққа оң әсер етпейді. Алматы облысында шамамен осыншама нысан бұзуға белгіленген. Дәл осындай тексерулер қазір басқа да көптеген компанияда жүргізілуде. Салдарынан шаршы метрлердің де азаятынын аңғару қиын емес", - деді Нина Лукьяненко.

Ал салалық бағдарламалар өкінішке қарай, бүкіл нарықты қамти алмайды.

«9-20-25» бағдарламасы. Оның шарттары қаңтар айында жарияланады деп күтілуде. Алайда бұл белгісіздеу. Бағдарламада бірқатар шектеу бар. Әзірге ол толық келісілген жоқ. Сондықтан мен қазір толық шарттарды айта алмаймын, олар «Отбасы банкі» мен мемлекеттік органдар арасында келісім жасау сатысында тұр. Шарттарын наурыз айында немесе тіпті маусым айында білетін шығармыз", - дейді маман.

Оның пайымынша, жыл мезгілі бағаға іс жүзінде әсер етпейді. Сондықтан нарық қандай мүмкіндікер ұсынып тұр, соны пайдалана білу керек.

"Сондықтан менің ұсынысым мынау: егер сізге жылжымайтын мүлікті сату қажет болса, онда сіз отбасыңызда қалыптасқан жағдайларға байланысты сатуыңыз керек.

Сатып алуда да солай: іздеңіз, шарттарыңызды ұсыныңыз, саудаласыңыз, сонда өзіңіз үшін ең тиімді нұсқаны табасыз", - дейді Нина Лукьяненко