«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағына кіруге ақылы тариф енгізілуіне байланысты даулы мәселе жөнінде «Ауа үшін ақша төлеп жатырмыз: Бурабайдағы ақылы терминал мәселесі шешіле ме?» тақырыбымен жарияланған еді.
Бурабай ауданы әкімдігі "Aйқында" жазылған мәселеге жауап берді
879
оқылды

Мақалаға қатысты Бурабай ауданы әкімдігі ресми жауап берді, деп хабарлайды Aikyn.kz тілшісі.

Аудан әкімдігі ресми жауабын ұсынды.

«2023 ж. 05.01​ ​ Aikyn.kz-те жарияланған мақалаға орай Бурабай ауданының әкімдігі хабарлайды, Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы (№165-VII) Заңы аясында Салық кодексінің 591-бабына Мемлекеттік ұлттық парк аумағы көлік құралдарын кіргізгені үшін алым алу мәселесі бойынша толықтыру енгізілген болатын. Осыған орай, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға кіруге жаңа төлем ставкалары бекітілді.

2024 жылға арналған алым мөлшері:

- жаяу жүргінші – 0,1 АЕК (369 теңге);

- мотоцикл, мопед, квадроцикл үшін – 0,2 АЕК (738 теңге);

- жеңіл автокөлік – 0,3 АЕК (1 108 теңге);

- сыйымдылығы 16 орынға дейінгі шағын автобус пен жүк көлігі – 1 АЕК (3 692 теңге);

- 32 орынға дейінгі автобустар – 2 АЕК (7 384 теңге);

- 32-ден астам орындық автобус – 3 АЕК (11 076 теңге).

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан елді мекендерде тұратын және/немесе сол жерде орналасқан саяжайлары бар жеке тұлғалар төлемнен босатылады.

Ұлттық парк аумағынан тыс орналасқан елді мекендерінің халқы жалпы негізде ақы төлеуге міндетті, бұл талап ұлттық паркпен іргелес жерлерде тұратындарға да қатысты»,  деді Бурабай ауданы әкімінің орынбасары Жангелді Төлегенов.

Абзал Алпысбайұлы, Ақмола облысы