Зерттеу жұмысы барысында «Бармысың, бауырым?» редакциясы тағы бір келіншектен ДНҚ сынамасын алды.
"Болжамды ана – Айгүл": Қымбат Досжан қазақ баласына қатысты тағы бір жазба жариялады
Фото: әлеуметтік желіден
13,296
оқылды

«Бармысың, бауырым?» хабарының жүргізушісі Қымбат Досжан бельгиялық отбасы асырап алған қазақ баласы Жәнібектің анасы болуы мүмкін тағы бір әйел ДНҚ сынамасын тапсырғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aiqyn.kz.

«Зерттеу жұмысы барысында «Бармысың, бауырым?» редакциясы тағы бір келіншектен ДНҚ сынамасын алды. Болжамды ана – Айгүл», – деп жазды журналист әлеуметтік желіде.

21 жастағы Эдди Жанға дүниеге келгенде Жәнібек деген есім берілген екен. Алайда қазір Эдди Жан өзін Мұрат деп атап жүр.