Жәнібектің Қазақстандағы заңды өкілі ретінде қылмыстық іс зерттеліп аяқталмайынша, барлық мәліметті жариялауға құқым жоқ.
«Он шақты әйел күдікке іліккен»: анасын іздеген қазақ баласының заңды өкілі мәлімдеме жасады
3,105
оқылды

«Бармысың, бауырым?» хабарының жүргізушісі Қымбат Досжан бельгиялық отбасы асырап алған қазақ баласы Жәнібекке қатысты оның туған жері Арқалыққа барған сапарындағы жаңалықтарымен бөлісті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады

«Арқалықтан Астанаға жолға шықтық. Осы сапардың басты мақсаты  қылмыстық іс қозғалды. Он шақты әйелге күдік түсіп тұр. Жәнібектің Қазақстандағы заңды өкілі ретінде қылмыстық іс зерттеліп аяқталмайынша, барлық мәліметті жариялауға құқым жоқ. Осы орайда көмек қолын созған Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Біркенұлына, қалалық Полиция басқармасының басшысы Орал Тумырзаұлына, басқа да полиция қызметкерлеріне, әріптесіміз Бағдат Мұхтарұлына алғысымызды білдіреміз», деді ол.