23 ақпан күні таңертең қар тазалау жұмысына 1,4 мың бірлік арнайы техника және 2,3 мыңнан астам жол жұмысшы жұмылдырылды.
Қыс басталғалы Астанадан 5 миллион текше метрден астам қар шығарылды
514
оқылды

Өткен түнде Астанадағы коммуналдық қызмет мамандары қаладан шамамен 41 мың текше метр қар шығарды. Олар тәулік бойы бірнеше ауысымда жұмыс істеп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

23 ақпан күні таңертең қар тазалау жұмысына 1,4 мың бірлік арнайы техника және 2,3 мыңнан астам жол жұмысшы жұмылдырылды.

22 ақпаннан 23 ақпанға қараған түні елордадан 41 мың текше метр қар шығарылды, полигондарға 3 мыңнан астам рейс жасалды.

Қыс мезгілінің басынан бастап 372,5 мың рейспен қаладан 5 млн текше метрден астам қар шығарылды.

Қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге құм-тұз қоспасы себіледі. Сонымен қатар коммуналдық қызметтер тротуарлардың мұзы қолмен тазартады.

«Қазгидромет» синоптиктерінің мәліметінше, 23 ақпан күні елордада ауа райы жауын-шашынсыз болып, көшпелі бұлт шығады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы – 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде – 26-28, күндіз – 15-17 градус аяз.