Жекпе-жек 12 раундқа созылып, төрешілердің басым даусымен Усик жеңді.
Украин боксшысы аса ауыр салмақта ХХІ ғасырдың алғашқы абсолют чемпионы атанды
Чемпионат
3,540
оқылды

Британ боксшысы Тайсон Фьюри Сауд Арабиясында өткен титулдық жекпе-жекте украиналық Александр Усиктен жеңіліп қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Тоғызыншы раундта Усик Фьюриді нокдаунға жіберді, бірақ британ боксшысы соңына дейін шыдас берді.

Осылайша, Усик ХХІ ғасырда ауыр салмақтағы алғашқы абсолют әлем чемпионы болды.

Фьюри бұған дейін мансабында 35 жекпе-жек өткізіп, 34 рет жеңіске жетті (24 нокаут). Бір рет қарсыласымен тең түсті. Усик, өз кезегінде, осы жекпе-жекке дейін мансабында 21 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңімпаз атанды.

«Әке, естисің бе, біз жеңдік», – деді Усик жеңісінен кейін.

Алдыңғы жекпе-жекте Усик 2023 жылдың тамызында тағы бір британдық боксшы Даниэль Дюбуаны жеңді. Фьюри өзінің алдыңғы жекпе-жегінде 2023 жылдың қазан айында Фрэнсис Нгануды нокаутқа түсірді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.