Ұлыбританияның мәдени байланыстар орнату және білім беру мүмкіндіктерін жүзеге асырып келе жатқан Британ Кеңесі Мәртебелі Король Карл III-тің Кеңестің жаңа қамқоршысы болғанын жариялайды.
Мәртебелі Король Карл III – Британ Кеңесінің жаңа меценаты
1,365
оқылды

Ұлыбританияның мәдени байланыстар орнату және білім беру мүмкіндіктерін жүзеге асырып келе жатқан Британ Кеңесі Мәртебелі Король Карл III-тің Кеңестің жаңа қамқоршысы болғанын жариялайды. Карл III 1984 жылдан бастап таққа отырғанға дейін вице-патрон қызметін атқарған болатын. Бұған дейін бұл лауазымды Мәртебелі патшайым II Елизавета 2022 жылдың қыркүйегінде қайтыс болғанға дейін атқарып келді.

Осы айтулы оқиғаға байланысты Британ Кеңесі өзінің веб-парақшасында www.britishcouncil.org: «Мәртебелі Корольдің қамқорлығымен біз Ұлыбритания мен дүниежүзіндегі елдер арасында байланыстарды, түсіністік пен сенім орнатудағы жұмысымызды жалғастыру мүмкіндігіне ие болғанымызға қуаныштымыз», – деп атап өтеді.

2024 жылы Британ Кеңесі 90 жылдық мерейтойын атап өткелі жатыр. Кеңес осы жылдар аралығында Мәртебелі Корольдің мәдени мұраны қорғау, қоршаған орта және білім беру сынды көптеген мүддесіне сәйкес келетін салаларды қамтып, түрлі жоба жасап жүр. Осылайша, Мәртебелі Король ұзақ жылдар бойы Британ Кеңесімен ынтымақтаса отырып, ұйымның Ұлыбританиядағы және дүниежүзіндегі көптеген жобасын қолдауда маңызды рөл атқарып келеді.

1984 жылы ол өзінің вице-патрондық рөліне кіріскеннен кейін Британ Кеңесінің 50 жылдығын атап өту үшін Кенсингтон сарайында қабылдау өткізді. Сондай-ақ Мәртебелі Король Британ Кеңесінің Непалдан Нигерияға, Кубадан Еуропаның әртүрлі еліне, Түркия, Франция, Германия, Өзбекстан, Польша, Грекия, Италия, Словения, Швейцария және Румыния сияқты жобаларына қатысты.

Мәртебелі Король Карл III вице-патрон ретінде Ұлыбританияға назар аудару және әлемдік аренадағы беделін сақтауда маңызды рөл атқарды. Енді қазір толыққанды қамқоршысы, меценат ретінде қызметін жалғастырып жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.