Жыл басынан бері полицейлер нақты тұрғылықты жері жоқ көптеген адам тіркелген 35 мекенжайды анықтады.
Елордада 400-ден аса адам тіркелген пәтер анықталды
Фото: kn.kz
951
оқылды

Астанада полиция 400-ден аса адам тіркелген пәтерді анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жыл басынан бері полицейлер нақты тұрғылықты жері жоқ көптеген адам тіркелген 35 мекенжайды анықтады. Баспана иелері өздерімен бірге тұрмайтын адамдарды есепке қойғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 493-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.

Көші-қон қызметі барлығы 40-қа жуық хаттама толтырып, оның ішінде 6 заң бұзушыны қайта жауапқа тартты. Осылайша, «резеңке пәтерлердің» иелері заң алдында жауап берді.

"Мысалы, полицейлер 400-ден аса адам тіркелген пәтерді және 230-дан аса адам тіркелген тағы бір пәтерді анықтады. Мұның бәрінде Қазақстан азаматтары тұрған.  Олар есептен шығарылды", – деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, бүгінде заң бойынша бір мекенжай бойынша тіркелген азаматтардың санына шектеу қарастырылмаған. Алайда тіркелген адам сол жерде нақты тұруға міндетті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram арнасынан таба аласыз.