ІІМ жасөспірімдер киберкеңістіктің теріс әсеріне ұшырауы мүмкін екенін хабарлады.
Баланы интернеттің құрсауынан қалай сақтау керек? – Полиция кеңесі
1,469
оқылды

Жазғы демалыс алдында интернет балалар үшін несімен қауіпті? Полиция ата-аналарға үндеу жасады, – деп жазады Aikyn.kz.

Полиция мәліметінше, «оң-солын» дұрыс ажырата алмайтын жасөспірімдер киберкеңістіктің теріс әсеріне ұшырауы мүмкін. Әртүрлі сайттарға кіріп, топтар мен қауымдастықтарға тіркеліп, кәмелетке толмаған бала бейтаныс адамдармен виртуалды байланысқа түседі. Бөтен адамның ықпалына тез беріліп, бала өзінің «жаңа досына» банк картасының нөмірі, телефон нөмірі, жеке кабинеттер мен парақшалардың құпия сөздерін, тұрғылықты мекенжайы туралы айтып қоюы мүмкін.

Сонымен қатар күдікті адаммен виртуалды қарым-қатынас өмірдегі кездесулерге ұласу қаупі бар. Одан бөлек, жеткіншек ақша табу мақсатында закладчик-курьерлерді жинайтын хабарландырулардың құрығына түсіп қалуы мүмкін.

Полиция ата-аналарға балаларды қауіптен қорғауға көмектесетін негізгі ережелерді сақтауды ұсынады:

  • баланың мінез-құлқы мен жаңа қызығушылықтарына назар аударыңыз;
  • егер бала интернетте алған тапсырмаларды өмірде орындаса, оған тез арада көңіл бөліңіз;
  • мазмұны кәмелетке толмағандарға теріс әсер етуі мүмкін ресурстарға шектеу қойыңыз;
  • балаға жеке ақпаратты жарияламау керектігін үйретіңіз;
  • әлеуметтік желілерде балаңыздың қандай топтар мен қауымдастықтарға жазылғанын қадағалаңыз;
  • балаға бөтен адаммен сөйлесудің қауіпті екенін түсіндіріңіз;
  • ықтимал қауіп анықталған жағдайда дереу полицияға хабарлаңыз.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.