Желіде жұмысшылардың темір блокты бос жолдың үстінен кабельдермен тасымалдап жатқанын көрсететін видео тарады.
Астанада LRT құрылысымен айналысып жатқан компания қауіпсіздікті сақтамаған
2,686
оқылды

City Transportation System (CTS) бұл жағдайға түсініктеме беріп, қауіпсіздікті өрескел бұзғаны үшін екі басшы қызметтен шеттетілгенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"1 маусымда LRT құрылысында мердігердің қауіпсіздік техникасы ережелерін өрескел бұзу фактісі тіркелді. Ол Ұлы Дала даңғылының Қабанбай батыр даңғылымен түйіскен тұсында адамдардың қауіпсіздігіне қауіп төндірді. Металл арка салуға арналған арқалықтарды әуе арқылы тасымалдау жұмыстары CTS-пен келісілмеген. Осыған байланысты жұмыстар тоқтатылды", – деп түсіндірді көлік компаниясының сөзін Tengrinews.kz.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.