Ол заңсыз әрекетін жалақыны негізсіз есептеу арқылы жүзеге асырған.
Қарағанды облысында аудандық әкімдіктің бухгалтері 5 миллион теңге жымқырған
1,198
оқылды

Қарағанды облысында прокуратураның тексерістерінің нәтижесінде Осакаров кенті әкімі аппаратының бухгалтері сотталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Осакаров ауданының прокуратурасы Молодежный кенті әкімі аппаратының бұрынғы бухгалтері 2022-2023 жылдар аралығында өзіне жалпы сомасы 5 миллион теңгеден астам жалақыны негізсіз есептегенін анықтады.

– Алаяқтық фактісі бойынша прокуратура қылмыстық іс тіркеді. Осакаров аудандық сотының үкімімен Молодежный кенті әкімі аппаратының бұрынғы бухгалтері кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына сотталды. Мемлекетке келтірілген шығын толығымен өтелді, – делінген облыстық прокуратураның хабарламасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.