Өрт сөндірушілер оқиға орнына шұғыл жеткен.
Атырауда өртенген пәтерде 8 айлық сәби жалғыз болған
533
оқылды

6 маусым күні Атырау қаласы Сұлтан Бейбарыс даңғылы бойында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің терезесінен түтін шығып жатқаны туралы шақырту түскен.

Көпқабатты тұғын үйдің 6-қабатында орналасқан пәтерден түтін шығып, құтқарушылар терезе арқылы бөлмеге өтіп, пәтерде кішкентай баланың бар екенін анықтаған.

«Азаматтық қорғау аға сержанты А.Курманиязов 8 айлық сәбиді түтіннен қорғау үшін қалың көрпеге орап, пәтерден алып шықты. «Апаттар медицинасы орталығының» қызметкерлері баланы тексеріп, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Құтқарушылардың жедел іс-әрекетінің нәтижесінде өрттің жайылуына жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ», - делінген ТЖД хабарламасында.

Оқиға орнында Атырау облысы ТЖД 10 қызметкері,  3 бірлік техника және «АМО» ММ 3 қызметкері, 1 бірлік техника қатысты. 

Баян Жанұзақова, Атырау облысы