Фархат тыңдарманға “Qar”, “Аспан”, “Роза” сияқты әндерімен танымал.
Әнші Kalifarniya көпшілікті алаяқтардан сақ болуға шақырды
Фото: instagram.com/kalifarniya
1,527
оқылды

Түркістан полицейлері белгілі әнші Фархат Қалиевпен бірге интернет-алаяқтықтың алдын алу үшін профилактика жүргізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz  

Kalifarniya лақап атымен белгілі әнші азаматтарды алаяқтардың түрлі айла-тәсіліне алданбай, сақ болуға шақырады.

«Қазір елімізде неше түрлі алаяқтар көбейіп кетті. Телефон арқылы, банк қызметкерлерінің рөліне кіріп алдайтындар көп. Алаяқтарға алданып қалмауыңызды қалаймыз. Алданбаңыз, есеңізді жібермеңіз», - дейді ол. 

Айта кетейік, Фархат тыңдарманға “Qar”, “Аспан”, “Роза” сияқты әндерімен танымал. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.