Көлік ішінде 8-9-сыныпта оқитын 4 бала болған.
Маңғыстауда оқушы жүргізген көлік жол апатына ұшырап, екі адам қаза болды
1,025
оқылды

Әлеуметтік желіде Түпқараған ауданына қарасты Ақшұқыр ауылында, мектеп оқушылары автокөлікті басқарып, жол көлік оқиғасына ұшырағаны тарады,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Мangystaumedia.kz жазғандай, көлік ішінде  8-9-сыныпта оқитын 4 бала болған. 

Маңғыстау облыстық Полиция департаменті аталған жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді. 

Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпараттар жария етілмейді,  деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.