Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты.
Қарағанды облысында 6 айлық сәби көкжөтелден қайтыс болды
640
оқылды

Қарағанды облысында алты айлық сәби көкжөтелмен ауырып, қайтыс болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты.

«Қарағанды облысында алты айлық бала көкжөтелден шетінеді. Ол көкжөтелге қарсы вакцина алмаған», – деді министр. 

Денсаулық сақтау министрі аталған ақпаратты растап, балалар арасында қауіпті ауруларға қарсы вакцинаны уақытылы алмағандықтан, жұқпалы аурулар көбейіп кеткенін жеткізді.

«Халықтың жаппай дені сау болуы өте нәзік дүние. Кейінгі бірнеше жыл ішінде балалар арасында вакцина алмаған балалар көбейіп кеткен соң жаппай ауру тарай бастады», – деді Денсаулық сақтау министрі.