Шымкент тұрғындары 19 маусым күні шамамен сағат 17:09-да жер сілкінісін сезінді.
Шымкент қаласында жер сілкінісі сезілді
Фото: istockphoto.com
5,235
оқылды

Қырғызстанда болған жер сілкінісі Шымкент тұрғындарына сезілді, – деп хабарлады Aikyn.kz.

"ҚР ТЖМ «СБЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 19 маусым күні Астана қаласының уақыты бойынша 17 сағат 09 мин 42 сек жер сілкінісін тіркеді", – деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 511 шақырым жерде орналасқан.

"Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің 101 және 112 телефондарына жер сілкінісі, зардап шеккендер және қираулар туралы ақпарат түскен жоқ. Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары, сабыр сақтап, тек ресми ақпаратқа сенулеріңізді сұраймыз", – деп мәлімдеді ТЖД.

Қазақстанның ұлттық деректер орталығының алдын ала мәліметі бойынша, Қырғызстанда 5,1 балл жер сілкінісі болған. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.