Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі мәлімдеді.
Астанада суға батып кете жаздаған жасөспірімді құтқарған сарбаз марапатталды
501
оқылды

Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің саптық алаңында жасөспірімді өлім аузынан құтқарған Ұлттық ұлан сарбаздары марапатталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Алғашқы болып «Ақ жол» партиясының өкілдері сарбаздарды марапаттады. Екі сарбазға мақтау қағазын ұсынса, қатардағы Әлішер Махметке медаль тақты. Олардың айтуынша, Әлішердей жастар – еліміздің болашағы.

– Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғаныс подполковнигі Мадияр Мырзагелдинов ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығын оқып, ұландық Әлішер Махметке ведомстволық медальді табыс етті. «Ұлттық ұлан сарбазы Әлішерге оқиға орнында ерлік танытып, адам өмірін құтқарғаны үшін алғыс білдіреміз, – деді министрлік офицері.

Сарбаздың өзі болса, бұл оның Отан алдындағы міндеті екенін айтып, барлық сарбаз оның орнында болса, осылай жасайтынын жеткізді.

Еске сала кетейік, 15 маусымда кешкі уақытта патрульдеу кезінде Ақбұлақ өзенінде өздігінен судан шыға алмаған ер адамды көріп қалған. Көмекке асыққан Әлішер ойланбастан суға түсіп, нәтижесінде 2008 жылғы жасөспірімді құтқарып қалған еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.