Сан-Франциско пилотсыз жүретін көліктерді сынау алаңына айналған. Alphabet-тің еншілес кәсіпорны Waymo да осы қалада өздігінен жүретін көліктерін сынайды.
Waymo: пилотсыз көліктер адамға қарағанда 200% қауіпсіз
Waymo өзінің көліктері адам басқаратын көліктермен салыстырғанда 200-350% дейін қауіпсіз екенін мәлімдемеген. Фото economictimes.indiatimes.com сайтынан алынды
1,620
оқылды

Соңғы жылдары бірнеше жол-көлік оқиғасына түскен Waymo-ның өздігінен жүретін көліктеріне шолуды кеше (19 маусым) newatlas.com сайты жариялады. Осы материалға сүйенген Aikyn.kz пилотсыз жүретін көлік технологиясын талдайды.Өздігінен жүретін көліктерінің бірі себепсіз телефон бағанасына соқтығысқаннан кейін Waymo компаниясы бұл көліктердің адам басқарған көліктермен салыстырғанда 200-350% дейін қауіпсіз екенін мәлімдемеген. Алайда жол-көлік оқиғасынан кейін компания тексеру жүргізу үшін 672 көлігінің жұмысын тоқтатқан.

Waymo компаниясы Alphabet Inc-тің еншілес кәсіпорны (Google-дың бас компаниясы). Ол 2016 жылы өздігінен жүретін автокөліктерді дамытатын Google-дің еншілес кәсіпорны ретінде құрылған. 2020 жылы Waymo тұрғындарға пилотсыз такси қызметін ұсынған алғашқы компания болды.

Өзін-өзі басқаратын көлік компаниясы өзінің қысқа тарихында жағымсыз тақырыптардан зардап шегуде. 2021 жылға қарай Ұлттық жол қозғалысы қауіпсіздігі басқармасы (NHTSA) Waymo көліктерінің қатысуымен 150 апат тіркеген. 2023 жылдың желтоқсанында екі Waymo робототаксиі бірнеше минут ішінде жүк көлігіне соқтығысқан. 2024 жылдың ақпан айында Waymo көлігінің бірі Сан-Францискода велосипедшіге соқтығысқан. Соңғы екі оқиға компанияның 444 көлігін кері қайтарып алуға мәжбүрлеген.

Роботакси қызметі тұрғындардың наразылығын тудырған, олар көліктерді бұзып, өртеген оқиғалар тіркелген. Фото newatlas.com сайтынан алынды. Авторлығы: Frisco Live 415 

Роботакси қызметі қоғамда белсенді реакция тудыруда, тұрғындар Waymo AV қауіпсіз емес деп, наразылық ретінде көліктерді бұзып, оларды өртеп те жіберген жағдайлар болған. 

Өткен айда NHTSA Waymo-ға тергеу жүргізіп, 31 оқиғаға назар аударды, оның ішінде роботаксилердің жабық тұрған қақпаларға соғылуы, жолдың қарама-қарсы жағында жүруі және көліктердің өртенуі де болған.

Осы айда Waymo X-те (бұрынғы Twitter) оның көліктері 23,8 миллион шақырым жол жүрген пилотсыз көліктер дәл сондай қашықтықты жүріп өткен адамдар басқарған көліктермен салыстырғанда 30 жол-көлік оқиғасына аз түскенін және полиция тіркеген 32 апатқа аз болғанын жариялады. Компания өзінің көліктері адам басқаратын көліктерге қарағанда 3,5 есе және 2 есе қауіпсіз еткенін айтуда.

Қазіргі уақытта Waymo Сан-Франциско мен Финиксте, ал жақын айларда Лос-Анджелес және Остин (Техас штаты) қалаларында өздігінен жүретін көліктер қызмет көрсететінін жариялады.

Ал пилотсыз көліктердің адам жүргізетін көліктермен салыстырғанда қауіпсіз екенін мына видео да жақсы дәлелдеп береді:

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.