Дамушы елдер қатары ин­дустриялық экон­оми­каны қалыптас­тырып үл­гер­мей жаһандық нарықта цифрлық экономика өз ереже­лерін енгізе баста­ды.
Бағасы «тәтті», сапаға «қатты» ғаламтор
коллаж: Елдар ҚАБА
1,640
оқылды

Ол үлкен де­р­ектер тех­­но­логияcы не­гіз­інде құрылады және инно­ва­ция­лық шешімдердің даму­ына, экономикалық көр­­­сет­кіштердің өсуіне ы­қпал етеді. Қазір бұл елі­міздің ұзақ­мерзімді страте­гиялық мақ­сат­тар­ына негіз болып отыр. Мұн­дай эконо­мика нарық­тағы процестер­дің жаһан­да­нуына және қоғамның әлем­дік экономи­каға интеграция­сына оң әсер етпек. Әсіресе, халықты жұ­мыспен қамтуға, бизнес субъ­­ектілерінің бәсе­ке­­ге қабілеттілігін арттыру және халықтың өмір сүру са­па­­­сын жақсартуға сеп бол­а­ды.

Жаһандық интернет жылдам­ды­ғын талдаушы әлемдік жетекші Ookla компаниясының Speedtest Intelligence индексі деректеріне сәйкес, былтыр  Қазақстан бірден 23 позицияға көтеріліп, 72-орынға тұрақтаған. Осылайша, еліміз аймақтағы көршілес Өзбекстан (95-орын), Қырғызстан (100-орын) және Тәжікстан (141-орын) арасында көш бастап тұр.

Алайда егер осы көрсет­кіш­терді Datareportal компания­сының Жапониядағы интернет туралы есебімен салыстыратын болсақ, онда қазақстандық интер­неттің жылдамдығы әлі де төмен. Мысалы, сол күн шығыс ел­­­ін­де мобильді интернеттің орташа жылдамдығы – 46,28 Мбит / с, ал желілік интернеттің орташа жыл­дамдығы – 185,71 Мбит/с. Былтыр Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэро­ғарыш өнеркәсібі экс-министрі Бағдат Мусин Астана­дағы интернет Токиоға қарағанда жылдам­ырақ екенін айтқан болатын. Экс-министр байланыс сапасы­ның нашарлығына шағы­м­­­­­­­данған азаматтарға: «Қазақ­стан­дықтар интернет-трафикті көп мөлшерде – 15-20 гигабайт, ал дамыған елдердің азаматтары 9,9 гигабайт ақпарат тұтынады. Сондықтан байланыс сапасын жақсарту үшін адамдар мобильді интернетті үнемдеп, Wi-Fi желісіне ауысуы керек», – деді ол.

Ауыл тұрғындары онсыз да байланыс сапасы нашарла­ғандықтан, осындай әрекетке көшкендерін айтуда. Мәселен, оңтүстік өңірдегі Сарыағаш қаласының тұрғыны Әсел Болатова ұялы байланыс оператор­ларының қызметіне көңілі тол­ма­­ғандықтан, үйіне арнайы Wi-Fi желісін орнатуға мәжбүр болған.

– Ауылда интернеттің өзі әрең ұстайтынын білесіздер. Сол үшін 5 ай бұрын Wi-Fi желісін орнатып көрдік. Ол ұялы теле­фон­ға қара­ған­да жап-жақсы істеп тұрды. Бірақ шатаспасам, жылдамды­ғының нашарла­ғанына бір айдан асып қалды. Тұрғындар оған да ауылымыздың сай жерде орнал­аспағаны әсер еткен шығар деп шамалайды. Бағасы өсті, бірақ сапасы керіс­інше нашарлап жатыр. Соны түсінбей отырмыз. Алғаш қон­дырғанда 10 мың теңге еді, қазір 10 500 теңге төлейміз. Отбасы мүшелерінің барлығы пайдала­натындықтан, өзіміз үшін тиімді баға деп ойлаймын. Қазір жолдасым ғана жұмыс істейді. Ай сайынға табысы 120 мың теңге. Дегенмен Wi-Fi-дың құны қым­бат демесем де, сол ақшаға ин­тер­­­нетіміздің сапасы татымайтындай көрінеді. Себебі кейде интернеттің жылдамдығы бәсең­дей бастаса, біріміз Wi-Fi-дан шығып кетуімізге тура келеді, – дейді ол.

Шалғайда орналасқан ауыл тұрғындары бағасы сапасынан озық келе жатыр деп қынжылса, еліміздің қақ төрінде орналасқан Астананың өзінде де интернеттің сапасы сын көтермейді. Елорда­лық жеке кәсіпкер Алия Күміс­бай­­қызының айтуынша, желілік интернеттің де, оптикалық интернеттің де жылдамдығы көңіл көншітпейтін көрінеді.

– Бастапқыда пәтеріміз «Қазақтелекомның» интернет желісіне қосылған болатын. Сол себепті жылдамдығы нашар болған шығар деп ойладық. Бірақ қазіргі үйімізде оптикалық желіге қосылсақ та, жылдамдығынан аса бір өзгеріс байқаған жоқпыз. Астананың өзінде байланыс оп­ре­аторлары мен интернет қыз­метінің сапасы осындай төмен деңгейде. Кейде үйде отырып жұмыс істеу қажет бол­ғанда, не Wi-Fi, не ұялы телефон­дағы интернетке қосыл­ып жұмыс істей алмайсың. Елор­даның өзінде неге байланыс қызмет­терінде осындай проблема болатынын түсіне алмай-ақ қойдық, – дейді ол.

Салыстырар болсақ, қазір елімізде ұялы желілер арқылы мобильді интернетке қосылудың орташа жылдамдығы – 35,49 Мбит/с, желілік интернетке қосылудың орташа жылдамдығы – 51,41 Мбит / с. Datareportal агент­тігінің мәліметтеріне сүйен­сек, елімізде мобильді интернет жылдамдығы 2023 жылы 68,6% - ға өскен. Ал 2022 жылы орташа жылдамдық 21,05 Мбит/с, 2023 жылдың аяғында 35,49 Мбит/с жеткен. Зерттеу 2024 жылдың басында Қазақстанда 18,9 млн адам интернетті пайдаланғанын көрсетті. Оның ішінде 14 млн қазақстандық әлеуметтік желі­лер­ді белсенді пайдаланды, бұл 2023 жылдың басымен салыстыр­ғанда 3,7 млн адамға артық. 

Жақында Премьер-министр Олжас Бектенов биылғы жылдың алғашқы 5 айында азаматтардан интернет сапасына қатысты 11 мыңға жуық шағым түскенін атап өтті. Оның айтуынша, қазақстандықтардың көпшілігі­нің байланыс сапасына, тариф­тер­дің жылдамдығы мен баға­сына көңілі толмайды. Бұған Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш саласының министрі Жаслан Мәдиев ведомство интернетті жақсарту бойынша шаралар әзірленген деп жауап қатты. Мемлекеттік деңгейде қазір қандай шара қабылданса да, 1 шілдеден бастап «Қазақ­телеком» АҚ мұрағаттық тарифтер желісінің кейбір тарифтік жоспарларына тариф бағасын қымбаттатпақ.

Internet Accessibility Index деректері бойынша, республика әлем елдері арасында ең төменгі мобильді интернет құны бойынша алтыншы орында. Қазақстан­дағы абоненттер 1 ГБ мобильді деректер үшін бар болғаны 0,6 АҚШ долларын төлейді. 

Үкімет басшысы оператор­лардың тарифтерінің мерзімді өсуі ерекше назар аударуға тұрарлық екеніне тоқталды. Өздеріңіз білетіндей, бәсекелес­тікті дамыту мақсатында байланыс қызметтеріне тарифтерді мемлекеттік реттеу жойылды. Бұл бәсекелестік басты реттеуші болуы керек деген сөз. Бірақ қазір барлық оператордың баға­лары шамамен бірдей екенін көріп отырмыз. Сонымен қатар Салық кодексі шеңберінде опер­а­­торларға радиожиілік спектріне 90% жеңілдік қарастырылған. Бұл ретте операторлар лицензия­лық міндеттемелерге сәйкес үнемделген қаражатты байланыс инфрақұрылымын дамытуға инвестициялауға тиіс. Министрлік монополияға қарсы органмен бірлесіп операторлардың өз міндеттемелерін толық орындауын қамтамасыз етуі, баға келіс­ім­деріне және тарифтердің негізсіз өсуіне жол бермеуі қажет», – деді О.Бектенов.

Желінің дамуы және халық­тың интернетке қол жетімділігі – елдің цифрлық экономикасы мен бизнес-процестерінің дамуына әсер етуші драйвер. Экономика салаларының ішінде, әсіресе e-commerce, онлайн-банкинг және логистикалық компаниялар сияқты сегменттердің тиімділігі интернеттің тұрақты жұмысына тікелей байланысты. 

Соңғы кездері аймақтарға инвестиция тарту және өңірлер­дің экономикалық өміріне ерекше реңк беру жайында жиі сөз болады. Аймақтардағы мобильді интернет сапасының өсуі экон­оми­каның әлеуметтік маңызды секторларында жоғары техно­логиялық экожүйелердің қалып­тасуына негіз болады. Демек, мұндай үрдіс салаға жоғары көлемде инвестиция тартуға алғышарт екені даусыз.

Дүниежүзілік банктің есебінен сөзімізге дәлел келтірер болсақ, желілермен қамту ауқы­мы мен интернет жылдамдығы елдің ЖІӨ көрсеткіштеріне айтарлықтай әсер етеді: интернет жылдамдығы неғұрлым жоғары болса, бизнес өнімділігі соғұр­лым тиімді болады. 

Инвестиция демекші, қажетті инфрақұрылымды құру – бұл өте көп инвестицияны қажет ететін жоба. Дегенмен соңғы жылдары байланыс секторына инвестициялар айтарлықтай өсті. Мәселен, егер 2016-2017 жылдары инвестициялар сомасы 63,1 және 65,9 млрд теңгені құраса, 2020-2021 жылдары ол еселеп өсіп, тиісінше рекордтық 140,9 және 128,6 млрд теңгеге жетті. Жалпы, соңғы бесжылдықта сектордағы инвестициялар сомасы 530,7 млрд теңгені құрады. Жалпы, 2027 жылдың соңына дейін ұялы байланыс операторлары телекоммуникация саласына 450 млрд теңгеден астам инвестиция салатын болады.

Биылдан бастап елімізде «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы іске қосылды. Жобаның негізгі мақсаты – халықты жыл­дам­дығы кемінде 100 Мбит/с кең жолақты интернетпен қамту. Жоба аясында айтарлықтай қаражат сымды және сымсыз байланыс инфрақұрылымын дамытуға бағытталатын болады. Ауылдық жерлерде талшықты-оптикалық байланыс желілерінің тармақталған жүйесін салуға баса назар аударылмақ. Мәселен, мемлекеттік-жекешелік әріптес­тік тетігі арқылы 3 мыңнан астам ауылда тиісті байланыс желісін монтаждау жоспарланып отыр.

ЮНЕСКО жүргізген зерттеу деректері бойынша, 2023 жылы Қазақстан халқының 95%-ы интернетті пайдалануға қол жеткізген. Ұйым елімізде интернет­тің дамуын тежейтін негізгі себеп халықтың табысының төмен деңгейі екенін алға тартады. Алайда Үкімет бұл мәселені аудан-аймақтардағы желілерді дамыту үшін байланыс операторларына субсидиялар беру арқылы шешуді көздейді. Келесі жылы халықты 100% интернетпен қам­туға қол жеткіземіз деген Қазақ­стан үшін бұл үлкен маңызға ие. Себебі интернет экономиканы, білім беруді, денсаулық сақтау және қоғам өмірінің басқа да салаларын дамыту үшін кең мүмкіндіктер ашады.

Кәмила ЕРКІН