БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 23 маусымға қараған түні Сырым ауданы Тоғанас ауылынан 6 шақырым жерде болды.
БҚО-да полиция қызметкері жеке көлігімен жылқыға соғылып, 1 адам көз жұмды
Фото: Halyq Uni
393
оқылды

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкері жеке көлігімен жылқыға соқтығысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 23 маусымға қараған түні Сырым ауданы Тоғанас ауылынан 6 шақырым жерде болды.

«1993 жылғы полиция қызметкері «Лада Приора» автокөлігімен келе жатып, жылқыға соғылды. Содан кейін 1972 жылғы жүргізуші «Фольксваген Пассат» көлігімен аталған көліктің артынан келіп соққан. Жол апаты салдарынан «Фольксваген Пассат» автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Мал иесіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 408-бабына (ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі кезде осы дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады ведомстводан. 

БҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, шақырту 22 маусым күні сағат 23:46-да түскен. Ер адам жедел жәрдем көлігі жеткенше қайтыс болды. Екінші ер адам Оралдағы қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізіліп, оған қажетті медициналық көмек көрсетілді. Сондай-ақ оған амбулаторлық ем тағайындалып, кейін үйіне жіберілді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.