Сидней университеті мамандарының зерттеуі жұмыртқалардың денсаулықты сақтауда, әсіресе 2 типті қант диабеті немесе оған бейімділігі бар адамдарда оң рөл атқаратынын растады.
Қант диабеті бар жандар қандай тағамды көбірек тұтынуы керек?
359
оқылды

Жұмыртқаларда көптеген пайдалы қоректік заттар бар, соның ішінде жоғары сапалы ақуыздар, омега-3 май қышқылдары, А, D, E, B12 дәрумендері, фолий қышқылы және холин сияқты дәрумендер мен минералдар, – деп жазады Aikyn.kz.

Бұл қоректік заттар тамақтанғаннан кейін қандағы қант деңгейін төмендетуге көмектеседі, бұл диабетиктердегі глюкозаны бақылау үшін өте маңызды. Сондай-ақ, жұмыртқаны тұтыну инсулинге сезімталдықты жақсартуға және холестерин деңгейін төмендетуге ықпал етуі мүмкін, бұл жүрек-қан тамырлары ауруларының, соның ішінде атеросклероздың даму қаупін азайтады.

2 типті қант диабетімен ауыратын науқастар үшін аптасына ұсынылатын жұмыртқа саны 12 данаға дейін, бұл олардың дұрыс тамақтанудағы пайдалылығын растайды. Дегенмен, диетаны құрастыру кезінде организмнің жеке ерекшеліктері мен дәрігердің ұсыныстарын ескеру маңызды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.