ТЖМ құтқарушылары Түркістан облысында жоғалған екі баланы тікұшақпен іздеп тапты.
Түркістан облысында мал жаюға шығып, жоғалып кеткен балалар табылды
1,017
оқылды

16 жастағы екі жасөспірім бір күн бұрын таңертең мал жаюға шығып, бағдарынан адасып, үйлеріне өз бетінше орала алмаған, -  деп жазады Aikyn.kz.

«Бүгін Түркістан облысы Тәукент ауылынан 6 шақырым таулы жерде құтқарушылар іздестіру жұмыстары барысында тауда адасқан 2 жасөспірімді тапты.

Жоғалған адамдарға медициналық көмек қажет болған жоқ», — деп жазды ведомстводан.

Іздеуге құтқарушылардың кинологиялық есептобы, ұшқышсыз ұшу аппараты мен ҚР ТЖМ Қазавиақұтқару тікұшағы жұмылдырылды.