Бұл туралы отандық БАҚ-та жазып жатыр.
Тұңғыш рет қазақ әйелі Моңғолия парламентінің депутаты болды
566
оқылды

Тарихта тұңғыш рет қазақ әйелі Замира Сонгобай Моңғолия парламентінің депутаты болып сайланды. Бұл туралы Aikyn.kz сайты хабарлайды.

«2016 жылдан бері биліктегі Моңғол халық партиясы 28 маусымда өткен елдің Мемлекеттік Ұлы Хуралы (парламент) сайлауында тағы да көпшілік дауысқа ие болды», –  деп жазады ТАСС.

Парламент сайлауының алдын ала қорытындысы: сегіз жыл билік еткен Халық партиясы 500 123 дауыс жинағанын көрсетті. Осылайша, ұлты қазақ Замира Сонгобай 2023 жылдың жазында қабылданған жаңа сайлау заңы бойынша парламентке өткен 32 әйелдің қатарына кіріп отыр. Жаңа сайлау заңнамасында депутаттық корпустың үштен бір бөлігі әйелдер болуы керек деп белгіленген. 2028 жылы өтетін келесі парламенттік сайлаудан кейін олардың үлесі 40 пайызға дейін өсуге тиіс.

Депутат жайлы айтсақ, Замира Сонгобай – көпбалалы ана, сонымен қатар Моңғолия іскер әйелдер қауымдастығының басқарма мүшесі.