Сотталушы жасөспірімнің дәрменсіз жағдайын пайдаланған.
Маңғыстауда жасөспірім қызды бірнеше рет зорлаған ер адам 22 жылға сотталды
Ашық дереккөз
614
оқылды

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жасөспірімді зорлау және оған қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған ер адам 22 жылға сотталды, - деп жазады Aikyn.kz.

Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, сотталушының 2023 жылы тамыз айынан қараша айы аралығында жасөспірім қыздың дәрменсіз жағдайын пайдаланып, оны бірнеше рет зорлағаны, оған қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны анықталған.   

Сотталушының кінәсі куәгерлердің берген жауаптарымен, заттай дәлелдемелермен, сарапшылардың қорытындыларымен және тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен толық дәлелденді.

"Сот сотталушыны кінәлі деп танып, педагогикалық лауазымдарды атқару және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеумен байланысты лауазымдармен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 22 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", – деп жазылған Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарламасында.