Оқыс оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Түркістан облысында балабақшадан өрт шықты
ТЖМ
845
оқылды

ТЖМ қызметкерлері Түркістан облысындағы бір қабатты жеке балабақша ғимаратының шатырында шыққан өртті сөндіріп жатыр. Бұл туралы Aikyn.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазіргі уақытта оқыс оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

«ТЖМ күштерімен өрт 270 шаршы метр аумақта оқшауланды. Зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталуда», - делінген хабарламада.