Жамбыл облысының әкімдігі Сарысуда су басудан кейін материалдық шығынды есептеу жұмыстары басталғанын мәлімдеді
Жамбыл облысының әкімдігі мәлімдеме жасады
www.istockphoto.com
2,019
оқылды

Қазір шығынды зерделеу бойынша жұмыс топ құрылып, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері су сору жұмысын жалғастырып жатыр. Барлығы 18 600 м3 су сорылып, жалпы 128 аула мен 47 үйдің іші судан тазаланды.

“Жаңатас қаласындағы Малоэтажка, Дегерес деген екі елді мекен жарыққа қосылды. Тек Қонаев орта мектебінде суды сору жұмысы әлі жүріп жатқандықтан, жарық қосылмады. Кеше су деңгейінің едәуір төмендегені анықталды. Адам, мал шығыны жоқ. Зардап шеккен тұрғындар үшін 105 орындық екі қабылдау пункті дайындыққа келтіріп, оған 12 адам орналыстырылды. Қазір олар өз еріктерімен үйлеріне қайтарылды”, – делінген хабарламада. 

"Жаңатас – Саудакент" тасжолы ашық. Төтенше жағдайдың салдарын жоюға азаматтық қорғау қызметтерінен 282 адам, 64 техника, 35 мотопомпа және 1 ұшқызсыз ұшу аппараты жұмылдырылған.