Жасөспірімдердің өліміне не себеп болғаны әлі анықталып жатыр.
СҚО-да екі жасөспірім суға батып кетті
352
оқылды

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданында екі жасөспірімнің денесі өзен арнасынан табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Оқиға бүгін Бескөл ауылының маңында, Есіл өзенінің арнасында болған. 2009 және 2012 жылы туған екі баланы іздеуге облыстық Төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 8 маманы, 3 техника және ұшқышсыз басқарылатын ұшатын аппарат жұмылдырылды. Нәтижесінде сағат 14:40 минут кеткенде жасөспірімдердің денесі табылып, судан шығарылды.

Екі баланың өліміне не себеп болғаны анықталып жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

СҚО-да суға шомылу маусымы басталғалы осымен 6 адам мерт болды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.