Қазақстандықтар Амир Омарханов пен Соня Жиенбаева жасөспірімдер арасында Уимблдон турнирінің 1/8 финалына жолдама алды.
Екі қазақстандық теннисші жасөспірімдер арасындағы Уимблдон турнирінде бақ сынап жатыр
1,065
оқылды

Қазақстандықтар Амир Омарханов пен Соня Жиенбаева жасөспірімдер арасында Уимблдон турнирінің 1/8 финалына жолдама алды,- деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жарыстың 13-ракеткасы болып тіркелген Омарханов екінші айналымда ұлыбританиялық Люк Хупермен кездесті.

Бірінші партияда Амир 6:4 есебімен басымдылық танытса, екіншісінде корт иесі есе қайырды – 7:5.  Шешуші, үшінші сетті Омарханов брейкпен түйіндеді – 6:3. Тартысты матч 2 сағат 16 минутқа созылды.

Амир Омарханов ширек финалға шығу үшін турнирдің 1-ракеткасы, америкалық Кейлан Бигунмен кезедеседі

Соня Жиенбаева жасөспірімдер арасында Уимблдон турнирінің үшінші айналымына өтті. Қазақстандық теннисші екінші айналымда жасөспірімдер арасында ITF 19-ракеткасы, жапониялық Эни Койкені жеңді. 

Соня Жиенбаева ширек финалға шығу үшін словакиялық Рената Ямриховамен кездеседі.