ChatGPT-ден басталған таңғажайып мүмкіндіктері бар генеративті ЖИ өнімдерінің пайда болуы үлкен алаңдаушылық туғызуда. Ақылды роботтар бір күні бақылаудан шығып, адамзатты жойып жібере ала ма?
3 секундта бір смартфон шығаратын smart-фабрика салынады
Ақылды роботтар бір күні бақылаудан шығып, адамзатты жойып жібере ала ма? Фото gagadget.com сайтынан алынды
2,655
оқылды

Жасанды интеллектен туған қорқыныштар күн сайын өсіп жатқанын bgr.com сайты жариялаған хабарламада айтылды. Мұндай алаңдаушылықтың түпкі себебін Aikyn.kz осы материалға сүйеніп түсіндіреді.

Қытайлық Xiaomi компаниясы өзінің жаңа «ақылды зауытында» телефондарын шығару үшін роботтар мен жасанды интеллекті пайдаланатынын хабарлады. Фото Xiaomi ресми сайтынан алынды

Ақылды роботтар жетіле келе бақылаудан шығып, адамзатты жойып жібереді деген пікірді көпшілік сарапшылар жиі айтуда. Бұл бір күнде болмайды, бірақ ондай болжамдардың негізінде күрделі ЖИ жүйелері адамға қарсы роботтар армиясын құрып, үлкен қатер туғызады деген тұжырым жатыр.

Біз ондай күннен әлдеқайда алыспыз, өйткені, жақын арада өте жоғары деңгейдегі ЖИ жасалатыны туралы дәлелдер жоқ. Қазіргі ЖИ жүйелері бір ғана салаға арналып жасалған. Мықты код жазатын ЖИ шахмат ойнай алмайды. Медициналық тақырыпқа арнап шығарылған жаңа дәрілер жасайтын чат-бот көлік жинауға қабілетсіз. Бірақ қазірдің өзінде барлық саланы қамтитын, жалпы ЖИ жасауға деген бәсеке күшейіп келеді.

Сондай бір ұмтылыстың көрінісі жасанды интеллекті жоғары сапалы смартфондар жинайтын Smart Factory фабрикасында қолдану болды. Қытайлық Xiaomi компаниясы өзінің жаңа «ақылды зауытында» Mix Fold 4 және Mix Flip телефондарын шығару үшін роботтар мен жасанды интеллекті пайдаланатынын хабарлады.

Жаңа зауытта Xiaomi-ге өндіріс процесін толығымен автоматтандыруға мүмкіндік беретін арнайы жабдықтар орнатылып, бағдарламалық қамтамасыз ету енгізіледі. Адамдар болса ЖИ-дің дұрыс жұмыс істеуін ғана қадағалайтын болады.

80 000 шаршы метр аумақты алатын жаңа зауытта жылына 10 миллион смартфон, әрбір үш секундта бір смартфон шығарылады. Фото habr.com сайтынан алынды

Xiaomi компаниясының бас директоры Лей Цзюнь Бейжіңдегі жаңа Xiaomi Smart Factory-ін көрсету үшін әлеуметтік желілерде бірнеше бейне жариялады. 80 000 шаршы метр аумақты алатын жаңа зауытта жылына 10 миллион смартфон шығара алатын 11 өндірістік желі бар. Бұл әрбір үш секундта бір смартфон шығады дегенді білдіреді.

Жаңа Smart Factory Ижуанда өткізілген сынақтардан кейін жасалған. Xiaomi Miks Fold смартфондарын өндіруді толығымен автоматтандырып, Smart Factory-де жылына миллион смартфон жинауға болатынын көрсеткен.

Жасанды интеллекті пайдалану жиналмалы телефондардың өндірісін жылдамдатып, барлық сезімтал компоненттерді жинауда аса жоғары дәлдікті қамтамасыз етеді. Фото Xiaomi ресми сайтынан алынды

Mix Fold 4 және Mix Flip сияқты телефондарды құрастыратын роботтарды басқару үшін жасанды интеллекті пайдалану жиналмалы телефондардың өндірісін жылдамдатып, барлық сезімтал компоненттерді жинауда аса жоғары дәлдікті қамтамасыз етеді.

Xiaomi бас директоры X сайтында жарияланған видеоларда смартфондардың қалай жаппай шығарылатынын көрсетпеді. Дегенмен бұл видеоларда компания инженерлері Xiaomi Hyper IMP (Интеллектуалды өндіріс платформасы) желісін бақылайтын «арнайы бөлме» көрсетілген.

«Ең әсерлі нәрсе – бұл платформа проблемаларды анықтап, шеше алады және өндіріс процесін жақсартуға көмектеседі. Бұл шынымен де керемет! Платформаны алғаш көрген әріптестеріміз таңғалды», – дейді Лей Цзюнь.

Әрине, кез келген бас директор өндірістік құпияларын егжей-тегжейлі айтпайды,  тек жаңа ЖИ технологиясы туралы айтады. Лей Цзюннің мәлімдемесі қорқынышты емес. Өйткені жаңа smart-фабрикада ЖИ адам жасаған дизайнды қабылдап, смартфонды сол үлгіге байланысты жасайды. Өздігінен смартфон ойлап тауып, жаңа дизайнмен өздері жасай алмайды.

ЖИ платформасы – зауыттың миы. Оның көмегімен зауытқа жан бітіп, бүкіл зауыт өздігінен шешім қабылдап, өндірістік жұмысты орындай алады. Фото Xiaomi ресми сайтынан алынды

Xiaomi ЖИ туралы толық ақпаратты Weibo әлеуметтік желісіндегі видеода берді. Xiaomi Pengpai ақылды өндіріс платформасын компания 100% өздері әзірлеген. Бұл ЖИ платформасы – зауыттың миы. Оның көмегімен зауытқа жан бітіп, бүкіл зауыт өздігінен шешім қабылдап, өндірістік жұмысты орындай алады. ЖИ жүйесі жабдыққа қатысты туындаған проблемаларды өздігінен диагностикалау, технологиялық процестерді жақсарту және шикізатты сатып алудан бастап жеткізуге дейін толық ауқымды цифрлық басқаруды жүзеге асырады. Сонымен бірге өз бетінше дами алатын нағыз ақылды фабрика бола алады.

Бұл сіз ЖИ-дан қорқатын болсаңыз, аздап үрейлі естіледі. Болашақта мұндай ЖИ-мен жұмыс істейтін автоматтандырылған зауыттар өндірістің басқа түрлеріне де енгізіліп, көптеген жұмыс орындары қысқартылатын болады.

Xiaomi Smart Factory үшін нақты сынақ ақылды машина жасаған Mix Fold 4 және Mix Flip тұтынушыларға жеткенде басталады. Сол кезде ғана тұтынушылар роботтар жасаған осы жиналмалы құрылғылардың сапасын тексере алады.

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.