Бұл туралы Полиция департаменті ресми мәлімдеді.
Әйтеновке қатысты қылмыстық іс қозғалды
5,209
оқылды

Шымкент қаласының экс-әкімі Мұрат Әйтеновтің ағасы Марат Әйтеновке қатысты қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

15 шілде күні таңертең Астана соты Әйтеновтің бұрынғы жұбайына және олардың ортақ балаларына күш қолданғаны үшін 5 тәулікке мәлімдеген еді. Бұдан кейін астаналық Полиция департаменті Марат Әйтеновке қатысты Дана Әтешоваға дене жарақатын салғаны үшін қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде, оның барысында болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталады. Сонымен қатар әкімшілік соттың шешімімен азамат А. құқыққа қайшы әрекеттері үшін бес тәулік мерзімге қамауға алынды», – деп хабарлады Астана ПД.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Тelegram  арнасынан таба аласыз.