Түркістан қалалық Полиция басқармасына кешкі уақытта жергілікті тұрғын арызданып келген.
Анасы телефон сатып алып бермеген: Түркістанда 13 жастағы қыз үйінен кетіп қалған
polisia.kz
6,797
оқылды

Әйелдің айтуынша, күндізгі сағат 12:00 шамасында қызы үйінен шығып кетіп, содан хабарсыз кеткен, - деп жазады Aikyn.kz.

13 жастағы жасөспірім қызды анасы өз бетінше іздеуден еш нәтиже шықпаған соң полиция қызметкерлерінен көмек сұраған.

Полицейлер ақпарат алысымен бірден іздеу жұмысына кіріскен. Тәртіп сақшылары тәулік ішінде қыздың жүрген жерін анықтап, оны саябақта достарымен қыдырып жүрген жерінен тапты. Жас қыз анасына ұялы телефон алып бермегені үшін ренжісіп, үйінен шығып кеткен. Содан достарының үйінде түнегені белгілі болды.

"Жасөспірім аман-есен анасына тапсырылды. Іздеуге атсалысқан полицейлерге қала тұрғыны алғысын білдірді. Сонымен қатар үйінен себепсіз қашып кеткен қыз бен оның анасына профилактикалық әңгімелесу жүргізілді", - делінген облыстық ПД хабарламасында.