Әнші бұл жолы Астанада аяқкиім дүкенін ашқан бауырына қолдау білдіріп келген.
Қайрат Нұртас тыңдарманымен қауышты
Фото: видеодан кадр
4,527
оқылды

Қайрат Нұртас бостандыққа шыққан соң тыңдарманымен қауышты, – деп жазады Aikyn.kz. 

Әнші бұл жолы Астанада аяқкиім дүкенін ашқан туған бауырына қолдау білдіріп келген.

Дүкеннің ашылу салтанатына әншінің тыңдарманы көп келгені сондай, тіпті ине шаншыр жер болмады. Продюсер, әншінің анасы Гүлзира Айдарбекованың әлеуметтік желіге дүкеннің ашылу салтанатынан видео жариялады. Продюсер Қайрат Нұртасты қолдау үшін алыстан билет алып келген жандар да бар екенін айтқан.

Қайрат Нұртас барлық тыңдарманына қолдау білдіргені үшін алғыс айтып, ақ тілегін жеткізді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.