Оған әкімшілік жаза ретінде ескерту берілді.
Шымкентте анасын ұрған полицей қызметінен босатылды
www.istockphoto.com
1,490
оқылды

Шымкенттік полицей өз анасына қол көтерген. Оқиға отбасындағы жанжал кезінде болған, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға биыл 27 сәуірде кешкі сағат 20:50 шамасында орын алған. Полиция подполковнигі анасына қол көтеріп, денсаулығына аздап зиян келтірген. Сот отырысында полицейдің анасы ұлы қол көтергенін растады. Ал тәртіп сақшысы ашу үстінде анасын ұрғанын мойындап, кешірім сұраған. 

4 шілдедегі сот шешімімен полиция қызметкері Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-1-бабының 1-1-бөлігімен кінәлі деп танылды. Оған әкімшілік жаза ретінде ескерту берілді. Сот шешімі шыққан соң полиция подполковнигі жұмыстан босатылды. 

"Аталған жайтқа қатысты іс-құжаттар жинақталып, шешім қабылдау үшін мамандандырылған ауданаралық сотына жолданған. Сонымен қатар қызметтік тексеру жүргізіліп, оның нәтижесіне сәйкес полиция қызметкері ішкі істер органдарынан шығарылды", – делінген полиция мәліметінде. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram   арнасынан таба аласыз.