2026 жылғы Олимпиада ойындары Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді.
2030 жылы қысқы Олимпиада өтетін жер белгілі болды
Фото: ҰОК
2,223
оқылды

Франциялық Альпі 2030 жылғы қысқы Олимпиаданы қабылдайды, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, бұл туралы Парижде өтіп жатқан Халықаралық Олимпиада комитетінің 142-сессиясында белгілі болды. 

«Франция президенті Эммануэль Макрон мен басқа да қызығушылық танытқан тұлғалар 2030 Олимпиада ойындарын қабылдауға дайын екендіктерін жеткізді. Біз Францияның ғаламат Олимпиада ұйымдастырарына сенеміз», - деді ХОК басшысы Томас Бах. 

Айта кетелік, 2026 жылғы Олимпиада ойындары Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.