Ақмола облысында жолдың үстіне шығып кеткен түйенің кесірінен жол-көлік оқиғасы орын алып, бір адам көз жұмды.
Ақмолада көлік түйеге соқтығысып, бір адам қаза тапты
377
оқылды

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы жағдай 24 шілдеде «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолының 23 шақырымында болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Анықталғандай, «Chevrolet Cobalt» автокөлігі жолдың үстінде тұрған түйеге соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан такси жолаушысы – Сандықтау ауданының 49 жастағы тұрғыны оқиға орнында қаза тапты», – деді ведомстводан.

ПД баспасөз қызметінен атап өткендей, Целиноград аудандық полиция бөлімі бұл деректі Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеді.

«Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жануардың иесі анықталғаннан кейін ол жауапқа тартылады», – деп толықтырды ведомстводан.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram   арнасынан таба аласыз.