Зардап шегуші жансақтау бөлімінде жатыр.
Павлодарда аялдама жанында бойжеткенді көлік қағып кетті, жағдайы ауыр
Фото: pavlodarnews.kz
357
оқылды

Павлодарда автобус аялдамасының жанында бойжеткенді көлік қағып кетті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Куәгерлер оқиғаның күндіз «Қамқор» автобазарының маңында болғанын айтқан.

Облыстық жедел медициналық жәрдем стансасы мәлімдегендей, шақыру сағат 17:17-де түсті. Төрт минуттан кейін дәрігерлер бригадасы оқиға орнында болды.

28 жастағы бойжеткен ауыр жағдайда №3 қалалық ауруханаға жеткізілді.