Оқиға 23 шілдеде кешкі уақытта болған.
Сот лифт ішінде балаларды ұрған алматылыққа үкім шығарды
420
оқылды

Сот лифтіде балаларды соққыға жыққан алматылықты қылмыстық жауапкершілікке тартты,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алматы қаласы Әуезов аудандық соты кәмелетке толмаған екі баланы ұрып-соғып, бірақ денсаулығына жеңіл зиян келтірмеген (ҚК-нің 109-1-бабы 2-бөлігі 1,8-бөлігі) сотталушы Н.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

2024 жылдың 23 шілдесінде кешкі уақытта кәмелетке толмаған жәбірленушілер сотталушы Н.-ның пәтерінің есігін қаққан. Үй иесі есікті ашқанда, олар қашуға тырысып, лифтіге жүгірген. Сотталушы олардың соңынан еріп, лифт ішінде жәбірленушілердің аяқтарына соққы келтірген.

"Сот үкімімен Н. ҚК-нің 109-1-бабы 2-бөлігінің 1,8-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 100 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалды. Жазаны тағайындау кезінде, сот сотталушының кінәсін мойындауын, жасаған әрекетіне өкінуін, бұрын соттылығының болмауын жеңілдететін мән-жайлар ретінде ескерді",  делінген соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.